Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада тұрғын ер адамға бұрағышпен шабуыл жасады

Ақмола полицейлері бірнеше сағат ішінде дене жарақатын салу бойынша екі қылмысты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 30 маусымда Көкшетау-2 станциясында түнгі уақытта екі жергілікті тұрғындар арасында жанжал болып, төбелеске ұласты. Қақтығыс кезінде күдікті жәбірленушіге бұрағышпен көптеген жара салған. Қылмыс жасағаннан кейін шабуылдаушы қашып кеткен. Нәтижесінде зардап шеккен ер адам облыстық ауруханаға көптеген жарақаттармен жеткізілді.

Қаскүнемді полиция қызметкерлері «ізін суытпай» ұстады. Ол 35 жастағы жұмыссыз адам болып шықты. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі іс басталды.

Бірнеше сағаттан кейін полицияға Бурабай кентінде Щучинск қаласының 23 жастағы тұрғыны соққыға жығылғаны туралы тағы бір дабыл түсті. Оқиға курорттық ауылдың дәмханаларының бірінде болған. Қаскүнемді полицейлер бірнеше сағат ішінде анықтаған, ол Зеленый Бор кентінің 27 жастағы тұрғыны болып шықты. ҚР ҚК 107-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Екі факт бойынша да «келу міндеттемесі» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру