Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте түркістандық әйел тұрғынды 1,5 млн теңгеге алдап кетті

Шымкентте түркістандық әйел тұрғынды бір жарым миллион теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 30 маусымында Қаратау АПБ-ның «102» нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бейтаныс әйел ұялы телефон алуға онлайн несие рәсімдеп беретіндігін айтып, сеніміне кіріп, оған айтпай, атынан 1 500 000 теңге несие рәсімдеп, ақшалай қаражатын иемденіп алғандығын көрсетті.

Қаратау АПБ КПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Түркістан облысының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған әйелдің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру