СҚО полицейлері бес күннің ішінде 26 мас жүргізушіні ұстады
СҚО полицейлері бес күннің ішінде 26 мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО-да онкүндік «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Автокөлік, мотоцикл жүргізушілері, жаяу жүргіншілер – патрульдік полицейлер барлық жол қозғалысы қатысушыларымен түсіндіру жұмысын жүргізуде. Басты мақсат – жол –көлік оқиғаларын ескерту және жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтарын болдырмау.Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері мотоциклді құжатсыз басқару фактісін анықтады. Облыстағы аудандардың бірінде тұратын 21 жастағы жігіт Жұмысшы кентінде жүргізуші куәлігінсіз, ешқандай құжатсыз жүрген. Мән-жайды анықтау барысында мотоциклші сау болған, көлік өзінікі болғанымен, құжаттары ресімделмеген екен.Нәтижесінде аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылды, мотоциклшімен профилактикалық әңгіме жүргізілді. «Қауіпсіз жол» іс-шарасы басталғалы мотоцикл жүргізушілерінің тарапынан үш бұзушылық анықталды.
СҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев жаз кезінде жолда көлік санының артатынын атап өтті. Мотоциклдер, велосипед пен самокаттар тізгінінде көлік жүргізуде тәжірибесі аз жастар мен жасөспірімдер. Апаттардың алдын алу мақсатында облыста он күн бойы облыстық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Бес күннің ішінде жол жүрісі ережелерінің 2322 түрлі бұзушылығы анықталды. Іс-шара нәтижесі жолда апаттық жағдайлар мотоцикл және велосипед жүргізушілері тарапынан орын алмағанын көрсетті, автокөлік иелерінің арасында да бұзушылықтар баршылық. «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы көлікті масаң күйде басқарған 26 жүргізуші ұсталды. Жылдамдықты асырғаны үшін – 196, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 74 жүргізуші ұсталған. Бұзушылардың басым бөлігі қауіпсіздік белдігін тақпаған, бұндай 306 факті тіркелген, сондай-ақ рөлде телефон пайдаланудың 225 фактісі анықталды. Күнделікті «Қауіпсіз жол» іс-шарасына 400-ден астам полицей тартылады, іс-шара 11 шілдеде аяқталады.
Ағымдағы жылдың 6 айында СҚО аумағында 80 жол-көлік оқиғасы тіркелген, салдарынан 12 адам қаза тауып, 99-ы түрлі дәрежедегі жарақат алған.
СҚО ПД баспасөз қызметі