Шымкентте құны 85 мың теңге тұратын бір бас қой иесіне қайтарылды
Шымкентте құны 85 мың теңге тұратын бір бас қой иесіне қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 1 шілдесінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында құны 85 000 теңге тұратын бір бас қойын белгісіз біреу ұрлап кеткенін көрсеткен. Қылмысты ашу мақсатында полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктілердің ізіне түсті.
Әл-фараби ауданы Полиция басқармасының ЖПҚБ УПП 62 УПИ қызметкерлерімен ұрланған мал табылып, иесіне қайтарылды.