Сәтбаев қаласында түнде дүкеннен ноутбук пен сантехникалық материалдарды ұрлаған адам ұсталды
Сәтбаев қаласында түнде дүкеннен ноутбук пен сантехникалық материалдарды ұрлаған адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 мамырда Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласының полиция бөліміне дүкендердің біріне ұры түскені туралы хабарлама келіп түсті. 2-3 мамырға қараған түні белгісіз біреу дүкеннің терезесін сындырып, сол жерден ноутбук пен сантехникалық жұмыстарға арналған материалдар ұрлап кеткені белгілі болды. Келтірілген шығын мөлшері 200 мыңнан астам теңгені құрайды.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
7 шілдеде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 27 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.