Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бөтеннің банк картасынан ақша аударып алған ақтөбелік анықталды

Хромтау қаласында әйел танысынан азық-түлік сатып алу үшін банк картасынан ақша ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 6 маусымда полицияға 19 жастағы жәбірленуші жүгініп, оның банк картасынан 20 мың теңгеге жуық ақша ұрланғанын хабарлады.

Полиция қызметкерлері 30 жастағы күдіктіні ұстады. Ұсталған азаматша өз кінәсін мойындап, жағдайды пайдаланып, азық-түлік сатып алуға үшін ақшаны жұмсағанын түсіндірді.

Бұдан бұрын, 46 жастағы ер адам Мұғалжар ауданының асханаларының біріндегі үстелден құны 80 мың теңге тұратын ұялы телефонды жасырын түрде ұрлап кеткен.

Бұдан басқа, қаскүнем телефондағы мобильді банк қызметіне қолжетімділік алып, 49 жастағы ер адамның шотынан өз шотына жалпы сомасы 186 мың теңге ақша қаражатын аударған.
Полиция қызметкерлері тексеру іс-шараларының кешенін өткізіп, соның барысында ақша қаражатын ұрлау механизмін, сондай-ақ қаскүнемнің жеке басын анықталды.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баптың санкциясы үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны көздейді.

Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері тұрғындарды бейтаныс адамдармен сөйлескен кезде қырағы болуға шақырады. Ақшаны ешкімге аудармаңыз және бермеңіз, банктік картамен ешқандай манипуляция жасамаңыз. Егер сіз қылмыстық қол сұғушылықтан зардап шексеңіз, «102» телефоны бойынша дереу полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру