Петропавл полицейлері дүкендерде жасалған бірнеше ұрлықты ашты
Петропавл полицейлері дүкендерде жасалған бірнеше ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бір күнде Петропавл қаласының полициясына дүкендерден жасалған ұрлық туралы екі өтініш келіп түсті. Қылмыскер заманауи технологияларға көз тіккен.
«Технодом» дүкендер желісінде шағын және қымбат қатқыл дискілер ұрлығы тіркелген, орын алған жағдайдың бірінде қаскөй құлаққаптарды қолды қылған. Келтірілген шығын сомасы 280 мыңнан астам. Бейнебақылау камераларының арқасында күдікті анықталып, оны қалалық Полиция басқармасының жедел уәкілдері келесі күні ұстады. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған Петропавлдың 30 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұрланған заттардың бір бөлігі облыс орталығындағы ломбардтардан алынды. Күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бары тексерілуде.
– Полиция қылмыстарды болдырмау және жедел ашу үшін сауда объектілерінің қауіпсіздік қызметтерімен, күзет кәсіпорындарымен өзара тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді, — деп түсіндіре кетті Петропавл қ. ПБ Криминалдық полиция бөлімінің бастығы Дархан Зияфиддин. — Жедел ақпарат алмасу жұмысты жылдамдатады, жұмысы ретке келтірілген бейнебақылау жүйесі қылмыстарды «ізін суытпай» ашудың ең жақсы құралдарының бірі болып табылады.