СҚО-да 80 жол-көлік оқиғасы тіркелді
СҚО-да 80 жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жүргізушілер арасында жол-көлік тәртібін арттыру, апатты жағдайларды төмендету, жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтарының алдын алу – полиция қызметкерлерімен өткізілетін жедел-профилактикалық іс-шаралардың басты мақсаты. «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Назар аударыңыз, балалар», «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шаралары барлық жол қозғалысы қатысушыларын жол жүрісі ережелерін сақтау және жақындарына қамқор болу қажеттігі туралы ескертеді.
Ағымдағы жылғы 6 айдың ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 29 572 адам жауапқа тартылды, көлікті масаң күйде басқарғаны үшін 506 жүргізуші ұсталды.
– Бұрын басқару құқығынан айырылған жүргізуші көлікті масаң күйде басқарғаны үшін қайта ұсталған жағдайда сотпен көлікті өмір бойына басқару құқығынан айыру түріндегі жаза қолданылады. Барлық жол қозғалысы қатысушыларын жолда сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Осылайша сіз өздеріңізді және жақындарыңызды қауіптен сақтайсыз, – деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығы Айдын Байматов.
Облыс аумағында 80 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 99 адам жарақат алып, 12 адам қаза тапты. Бұндай қайғылы статистика кейбір жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауға немқұрайлы қарауынан орын алып отыр.