ІІМ-де Герман тарапымен Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу мәселелері талқыланды
ІІМ-де Герман тарапымен Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров Қазақстандағы Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы (GIZ) өкілдігінің басшысы Йорг Пуделькамен кездесті.
Кездесу барысында ІІМ-нің негізгі серіктесі болып табылатын “Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу” GIZ халықаралық жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.
Тараптар осы жоба шеңберіндегі қазақстан-герман ынтымақтастығының перспективалары туралы пікір алмасты және қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша одан әрі өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.
Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы диалог атмосферасында өтті.