Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталған ер адамның жазасы бас бостандығын шектеуге ауыстырылды

Қызылордада сотталған ер адамның бас бостандығын айыру жазасы бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шиелі ауданының тұрғыны есірткі бабымен істі болып, сот үкіміен кінәлі деп танылып, үш жыл бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, жазасын Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінде өтейді. Жуырда бұл сотталған сот қаулысымен ҚР ҚК-нің 73-бабына сәйкес бас бостандығын айыру жазасын бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылып, Шиелі аудандық пробация есебіне алынады.

Сот қаулысында сотталғанға жылына жергілікті атқарушы органда 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тарту көрсетілген. Сот қаулысының талаптарын орындау мақсатында Шиелі кенті әкімшілігі сотталған ер адамға қоғамдық орындарда тазалық жұмыстарын атқару бойынша өкім шығарады. Қазіргі таңда сотталған ауылында қоғамдық орындарда тазалық жұмыстарын атқарып жүр.

– Мен есірткі сақтағаным үшін сотты болдым. Осы жасаған қылмысым үшін сот қаулысын тағайындаған жазамен 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекті атқарып жүрмін. Бұл жаза мен үшін тәрбиелік мәні бар сабақ болды. Қателігімді енді қайталамаймын, – дейді пробация есебіндегі ер адам.

Бас бостандығын шектеуге сотталғандарды мәжбүрлі еңбекке тартуға жергілікті атқарушы органдар ҚР ҚАК-нің 57-59 баптарына сәйкес ұйымдастырады.

– Сот үкімімен тағайындалған мәжбүрлі еңбекті себепсіз атқармау жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған болып есептеледі. Қазіргі таңда аудандық пробация есебінде 70 сотталған есепте тұр. Оның ішінде 44 сотталған бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған, оның 32-сі мәжбүрлі еңбекке тарту бойынша  есепке алынған. Сотталғандар ұрлық, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, есірткі затын тұтыну, алаяқтық секілді құқық бұзушылықтарына сәйкес жазаларын орындауда, – деді аудандық пробация қызметінің аға инспекторы С. Қалмағанбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру