Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында велосипед ұрысы анықталды

Қарағанды облысында велосипед ұрысы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 шілдеде Қарағанды облысы Шет ауданы Ағадыр кентінің полиция бөлімінің қызметкерлері елді мекендердің бірінде “Есептегі тұлға” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Іс-шара кезінде полиция қызметкерлері жасөспірімдерге арналған велосипедпен жүрген ер адамды байқады. Бұған дейін мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 56 жастағы ер адамның  жасөспірімдерге арналған велосипедпен жүруі күдік тудырған.

Полиция ауыл тұрғынын ұстап, оның бұл көлікті қайдан алғанын анықтай бастады. Ер адам бірнеше сағат бұрын Ағадыр ауылындағы үйлердің бірінің ауласынан велосипед ұрлағанын мойындады.

Полиция жәбірленушінің кім екенін анықтап, 55 жастағы аудан тұрғынына велосипедті қайтарып берді. Құны 30 мың теңге тұратын ұрланған мүлкін жедел түрде қайтарып бергені үшін жәбірленуші полицияға алғыс білдірді.

ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру