Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер тонау фактісін ашты

Шымкенттік полицейлер тонау фактісін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 13 шілдесінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында Қошқар-ата ағын суының жанындағы орындықта отырғанында М. есімді ер адам келіп, «Samsung A10» маркалы ұялы телефонын тартып алып кеткенін көрсеткен.

Әл-фараби АПБ №33 Криминалды полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің ізіне түсіп, жедел басқару орталығының бейнекамерасы арқылы көп ұзамай қолға түсірді. Ұсталған адамның бұрын Шымкент қаласы аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру