Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында заңсыз айналымнан 86 атыс қаруы тәркіленді

Ақтөбе облысында заңсыз айналымнан 86 атыс қаруы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жарты жыл ішінде Ақтөбе облысының аумағында атыс қаруын қолданумен екі қылмыс жасалған. Бұл, негізінен, адамдар көбінесе қаруларына немқұрайлы қарайтындығымен және оны қолданған кезде қауіпсіздік шараларын сақтамауымен байланысты.

Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында Ақтөбе облысының аумағында халықтан тіркелмеген қару-жарақ заттарын сатып алу бойынша өткізілген республикалық акция шеңберінде облыстық Полиция департаментінің аумақтық бөлімшелеріне жалпы сомасы бес миллион теңгеге 82 бірлік қару тапсырылды, сондай-ақ сегіз дана артиллериялық снаряд және үш килограмм оқ-дәрі өз еркімен тапсырылды.

Ағымдағы жылдың алты айында Ақтөбе облысының аумағында “Қару” және “Қызметтік қару” сияқты жедел алдын алу іс-шаралары жүргізілді, онда 86 бірлік қару, 93 патрон, 378 дана суық қару (пышақ) тәркіленді. Барлығы 786 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде қаруды сақтағаны үшін – 86, қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзғаны үшін – 439 және қаруды қайта тіркеуді бұзғаны үшін – 261.

ҚР ІІМ-нің 2020 жылғы 27 наурыздағы №254 бұйрығымен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес 2021 жылдың алты айында облыстық Полиция департаменті мен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметтік және азаматтық қару айналымы саласында заңды және жеке тұлғаларға 2 661 рұқсат құжаттарын берді.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті заңсыз сақталған заттарды, атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын хабарлайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру