Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас күйінде мотоцикл басқарған аралдық ұсталып, көлігі айыптұраққа қойылды

Мас күйінде мотоцикл басқарған аралдық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы аумағында мотоцикл құралдарының қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың жолын кесу, оның ішінде мас жүргізушілерді анықтау мақсатында ағымдағы жылдың шілде айының 13-17 күндері аралығында “Мотоцикл” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Мысалы, 14 шілде күні полиция қызметкерлері жарық шамын жақпағаны үшін “Урал” мотокөлігін басқарған Арал ауданының тұрғынын тоқтатып тексеру барысында оның басқару құқығы жоқ бола тұра, мотокөлікті ішімдік ішіп жүргізгені анықталды. Тәртіп бұзушыға қатысты екі хаттама рәсімделді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 602-бабының 1-бөлігі, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен, яғни көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Мотоцикл айып алаңына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру