Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда карантин тәртібін бұзған 250-ге жуық кәсіпкерлік нысан анықталды

Атырауда карантин тәртібін бұзған 250-ге жуық кәсіпкерлік нысан анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Карантиндік шектеулердің бұзылғанын анықтау және оларға жол бермеу жөніндегі Атырау қаласы Полиция басқармасы мен қалалық әкімдіктен құралған мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмыс істеуін жалғастыруда.

Жыл басталысымен мониторингтік топ карантин режимін бұзған 247 кәсіпкерлік нысандар анықтаса, соңғы еекі айда қала аумағында короновирустық инфекцияның тағы да белең алуына қарамастан, карантин тәртібін бұзған 45 кәсіпкерлік нысанды анықтады.

Мысалы, 2 шілде күні Алмагүл мөлтек ауданында орналасқан “Кәусар” мейрамханасында той жасалып жатқандығы анықталса, 8 шілде күні Құлманов көшесінде орналасқан “КЭШ” караоке барында, 13 шілде күні Амандосов көшесінде орналасқан “Black Cold pub” караокесі сағат 22:00 кейін жұмыс жасап, карантин тәртібін бұзғаны үшін анықталып, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

 

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 26 маусымынан бастап Атырау қаласы эпидемиологиялық жағдай бойынша “қызыл аймаққа” енді. Карантиндік шектеулердің бұзылғанын анықтау және болдырмау бойынша мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылып, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру