Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Приозерск қаласында көлік ұрлаған мас адам ұсталды

Приозерск қаласында көлік ұрлаған мас адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 шілдеде Қарағанды облысы Приозерск қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері қала көшелерінің бірінің бойымен қатты жылдамдықпен келе жатқан Mitsubishi көлігін тоқтатты. Көлікті ішімдік ішкен 47 жастағы ер адам басқарған.

Сараптама қорытындысы көлік жүргізушісінің алкогольдік мас күйінде болғанын анықтады. Сонымен қатар ер адам көлік құралын басқару құқығынан айырылған болып шықты. Іс барысында полиция оның Mitsubishi автокөлігін ЖШС-нің бірінің аумағынан ұрлап кеткенін анықтады.

ҚР Қылмыстық кодексінің  346 және 200-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру