СҚО полицейлері 120-дан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықтады
Аулаға шығарылған ескі жиһазда отырып, ащы су ішкен тұрғылықты жері жоқ адамдар Некрасов көшесіндегі көп қабатты үй тұрғындарының мазасын алған.
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының аясында Петропавл қалалық Полиция басқармасына әлеуметтік желілерден құқық бұзушылық туралы сигнал келіп түскен: қалалық пабликтерде фото және шара қабылдау туралы өтініш жарияланған. Аталған мәліметтер бойынша қалалық Полиция басқармасының қабылдап-тарату орнының іріктеу тобы жіберілді. Полицейлер аумақтың тазартылуын қамтамасыз етті: ескі жиһаз шығарылып, қаңғыбастар арнайы есептер бойынша тексеру және профилактикалық әңгіме жүргізу үшін қабылдап-тарату орнына жеткізілді.
Қабылдап-тарату орнының іріктеу тобы күн сайын облыс орталығының аумағын сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін тексереді (кезекші бөлімнің телефоны: 52-92-99).
Жыл басынан қабылдап-тарату орнына 800-ге жуық үй-күйі жоқ адам жеткізілді. «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында аталған жұмыс желісі жандандырылды.
СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың айтуынша, «Құқықтық тәртіп» төрткүндік республикалық акция 19 шілдеден бастау алды. Күн сайын оған 400 аса полицей жұмылыдырылды. Іс-шараның басты мақсаты – криминогендік жағдайды жақсарту, барлық бағыттар бойынша жұмысты күшейту. Екі күннің ішінде облыстың учаскелік полиция инспекторлары тұрғылықты жері бойынша профилактикалық есепте тұрған 1 700-ден аса есептегі адамды тексерді. Олардың арасында 20 құқық бұзушылық анықталды. Жалпы, облыс бойынша 1 236 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың ішінде жиі кездескен фактілер – спирттік ішімдіктерді ішу немесе 270 факті қоғамдық орындарға масаң күйде келу. Ұсақ бұзақылық – 118. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болудың 104 фактісі және түнгі уақытта тыныштықты бұзудың 30 фактісі анықталды. ЖЖЕ бұзушылықтар бойынша екі күнде жаяу жүргіншілердің тарапынан бұзушылық, жылдамдықты асыру, сондай-ақ жаяу жүргіншілер өткелінен өту қағидаларын бұзу жиі тіркелді. 18 мас жүргізуші ұсталды.