Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түлкібас тұрғыны ауласында 5 түп “марихуана” еккен

Түркістан облысының полицейлері ауласында бес түп есірткі еккен күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-нің қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар негізінде ауласында есірткі егіп, қолданған күдіктіні ұстады. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.

Тәртіп сақшылары анықталған адамның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде үйінің ауласында егіліп, өсірілген есірткіге ұқсас өсімдікті тапты. Айғақты зат ретінде бапталып, өсірілген бес түп есірткі заты тәркіленді. Аталған өсімдік сараптамаға жіберіліп, қорытындысы бойынша “марихуана” өсімдігі екені анықталды.

Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру