Қарағандыда елордалық алаяқ тұрғынды 5 млн теңгеге алдап кетті
Қарағандыда елордалық алаяқ тұрғынды бес миллион теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 шілдеде 42 жастағы кәсіпкер Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне хабарласты. Ол белгісіз біреу сатып алуды сылтауратып, салмағы 12 тонна арматураны иемденіп алғанын түсіндірді. Келтірілген шығын мөлшері төрт миллион 920 мың теңгені құрайды.
Арматура сатуды жоспарлаған кәсіпкер өзін Теміртаудан келген құрылыс компаниясының өкілімін деп таныстырған белгілі бір азаматпен кездескен. Соңғысы 12 тонна арматураға тапсырыс жасайды. Кәсіпкер Теміртауға қажетті көлемдегі өнімді жеткізіп береді, оны тапсырыс беруші бірнеше сағат ішінде төлеуге уәде берген. Келісім жасасқан адам хабарсыз жоғалып кеткен болып шықты.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды, ол аумақтық құрамы бойынша Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс ПБ-не берілді.
27 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 28 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап,қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.