Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық жаңа танысының зергерлік бұйымдарын жымқырып кеткен

Қарағандылық жаңа танысының зергерлік бұйымдарын жымқырып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 шілдеде Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне 29 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші әйелдің алтын тізбек пен кулон ұрлатып алғаны белгілі болды. Шығын мөлшері 157 мың теңгені құрайды.

Анықталғандай, ұрлық жәбірленуші өзінің жаңа танысымен бірге тұрған қонақүйге барған кезде болған. Әйел зергерлік бұйымдардың жоғалуын ер адам кеткеннен кейін анықтады. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

27 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 30 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру