Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған орталықтағы әйелдермен кездесті

СҚО полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған орталықтағы әйелдермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 шілде – Бүкіләлемдік адам саудасымен күрес күні СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған орталықтағы әйелдермен кездесті. Жуырда тәртіп сақшылары «Әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен бірлесіп, адам саудасына қарсы күрес туралы кең ауқымды науқан өткізіп, халықты аталған өзекті проблема жайлы құлағдар етті.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған уақытша тұрақ 2017 жылы ашылған. Мұндағының барлығына бас-көз болып жүрген ұйым – «Әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ. Мұнда пана іздеп келген әйелдер кәмелетке толмаған балаларымен тұрып жатыр. Оның орналасқан жері құпия.Бүкіләлемдік адам саудасымен күрес күніне орай бұл мекемеге СҚО Полиция департаменті құрамындағы Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері келді. Мұнда тұрып-жатқан қыз-келіншектер бастарынан өткен жағдайларымен айтып, келешектегі жоспарларымен бөлісті. Ал сақшылар адам саудасы проблемасы өзекті проблемалардың бірі екенін және онымен күресудің жолдары туралы айтты. Полиция қызметкерлері кездесуді ерекше көңіл-күй сыйлап қорытындылады. Олар сурет салуға арналған альбомдар, бояулар, қарындаштар мен ойыншықтар, сондай-ақ балаларға арнап, жемістер ала келді. Бұдан бөлек, СҚО ПД қызметкерлері акцияның логотипі бейнеленген ақ кружкалар, жадынамалар мен бүктемелер үлестірді. СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаровтың айтуынша, адам саудасымен айналысатын қылмыскерлер соңғы жылдары интернет кеңістігін жиі қолданады екен. Аталмыш проблема және оған қарсы күресудің тәсілдері туралы барынша көп адам білуі тиіс. Қауіп төнген жағдайда – бұл туралы бірден полиция хабарлау қажет, сонымен бірге 116-16 сенім телефонына қоңырау шалуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру