Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда үш пәтерді тонаған қылмыстық «дуэт» құрықталды

Алматыда ұсталған қылмыстық топтың пәтер тонаудың үш фактісіне қатысы бар екендігі дәлелденді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Ұсталғандардың қылмыс жасау тізбегі стандартты болды. Аулаларды аралап, көп қабатты үйлердің терезелері мен кіреберістерін аңдып жүрді. Олар кіреберіске кіріп, кілтті таңдау арқылы есікті ашты және құнды нәрсенің бәрін ұрлады. Бұл – қолма-қол ақша, ұсақ тұрмыстық техника және әр түрлі әшекей бұйымдар. Соңғы факт «Алмалы» тұрғын үй кешені мекен-жайында тіркелді. Кілтті таңдау арқылы олар пәтерге кіріп, жалпы құны 500 мың теңгенің жеке мүлкін ұрлап кеткен, – деді Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Оның айтуынша, 37 және 35 жастағы екі қылмыскер де Алматы облысының Қапшағай қаласында Алматы қалалық ПД КПБ арнайы топ қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде ұсталды. Ұсталғандардың екеуінде де бұрын заңмен мәселелері болған, ұрлық, тонау және қарақшылық үшін жазасын өтеген.

Қазіргі уақытта ұсталғандардың Алматы қаласында пәтер тонаудың үш фактісіне қатысы бар екендігі дәлелденді. Қаскөйлер уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру