Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған екі қылмыс тіркелді

Петропавлда кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған екі қылмыс тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы аптада Петропавл қаласында 9 бен 13 жастағы екі жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы екі зорлық-зомбылық әрекеттері тіркелді.

2021 жылғы 3 тамызда жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен облыс орталығының бұрын сотталған тұрғыны ұсталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі (Жас балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде.

2021 жылғы 4 тамызда басқа жас балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері туралы хабарлама келіп түсті. Факті ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта кінәлі тұлғаны анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Аталған қылмыстар Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің және облыс прокуратурасы басшылығының ерекше бақылауында.

– Ата-аналардан аса сақ болып, балаларын қараусыз қалдырмауларын сұраймыз, – дейді полицейлер.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру