Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері кәсіби даярлықтан өтуде

Солтүстікқазақстандық полицейлер кәсіби даярлықтарын шыңдау сабақтарын жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан Полиция департаментінің жеке құрамымен 2500 сабақ өткізілді.

Күрестің жауынгерлік тәсілдері, дене шынықтыру даярлығы сабағы, практикалық ату машықтарын пысықтау, әлеуметтік-құқықтық пәндер бойынша сабақтар – полиция қызметкерлерін кәсіби даярлауда осының барлығын қамтылады.

СҚО ПД Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының бастығы Жанат Сағденов атап кеткендей, заманауи полицейлерге жоғары талаптар қойылады. Қызметкерлер заңнама мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін ғана біліп қоймай, дене шынықтыру даярлықтарын шыңдаулары, Макаров тапаншасы мен Калашников автоматын қолдана алулары, ал ең бастысы – дағдарыс жағдайларында және штаттан тыс жағдайларда тиімді іс-қимыл жасай алулары тиіс.

Атыс даярлығына көп көңіл бөлінеді. Жас қызметкерлер атыс қаруын пайдалану машықтарын игереді, атудың кәсіби тәсілдерін үйренеді. Сабақтар Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен, барлық қауіпсіздік шараларын және санитарлық-эпидемиялогиялық нормаларды сақтай отыра өткізіледі.


“Динамо” дене шынықтыру – спорт қоғамының базасында, сондай-ақ даладағы оқу-жаттығу жиындары аясында жыл басынан облыс полициясының жетекші бөліністерінің 200-ден астам қызметкері даярлықтан өтті. Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының қызметкерлері жаяу патруль құрамында қоғамдық тәртіпті күзетуге түсетін қызметкерлерді жан-жақты даярлауға ерекше көңіл бөледі. Олармен күрестің жауынгерлік тәсілдерін пысықтау, арнайы құралдарды және атыс қаруын қолдану ережелері бойынша қосымша сабақтар өткізіледі.

Осының барлығы құқықтық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтарды криминал көріністерінен сақтау бойынша қызмет атқару барысында жиі туындайтын штаттан тыс жағдайларда сауатты іс-қимыл жасау үшін қосымша сенімділік пен батылдылық коэффициентін береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру