Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлаған алматылық 20 жылға сотталды

Кәмелеттік жасқа толмаған қызға жыныстық зорлық жасады деген айыпталушы 20 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі бойынша айыпталуда. Істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Б.есімді ер адам сотқа жіберілді.

Бұл оқиға өткен жылдың қараша айында Алматының Наурызбай ауданы, “Премьера” тұрғын үй кешені үйлерінің бірінде орын алған. Алкогольдік мас күйде болып, үйге кеш келген. Ол қызды өзі ұйықтатамын деген сылтаумен бөлмеге кіргізді. Ешкім оған қылмыстық ниетін жүзеге асыруға кедергі жасай алмады, өзінің жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін зорлық-зомбылық жасады.

Тергеу де, сот та бұл іс бойынша жеңілдететін мән-жайларды таба алмады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Б.есімді ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру