ШҚО полицейлері көпбалалы отбасына көмек көрсетті
ШҚО полицейлері көпбалалы отбасына көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО ПД арнайы жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкерлері көп балалы отбасылардың тұрғылықты жері бойынша аралады, балаларға жемістер мен тәттілер беріп, азық-түлік түрінде әлеуметтік көмек көрсетті.
– АЖДБ көпбалалы және өмірде ауыр жағдайға тап болған отбасыларға тұрақты негізде әлеуметтік көмек көрсетіп тұрады, – деді ШҚО ПД Арнайы жұмылдыру дайындығы басқармасы бастығының орынбасары Серік Қалиев.
Көпбалалы отбасының анасы Оксана Рамазанова ПД ОӘК қызметкерлеріне көрсеткен көмектері үшін үлкен алғысын білдірді.
– Біз үшін балалардың көзінен күлкі, жүзінен қаныш өте көру маңызды , – деп қосты Серік Қалиев.