Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ЖКО салдарынан екі жасөспірім ауруханаға жатқызылды

Павлодар облысында ЖКО салдарынан екі жасөспірім ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 4 тамызда сағат 17:35-те Павлодар ауданының Луганск ауылында Советов – 50 лет Октября көшелерінің реттелмейтін қиылысында 13 жастағы ALFA мопедінің жүргізушісі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз, қиылыстан өту ережелерін бұзып, Nissan автокөлігімен соқтығысқан.

– Жол апаты салдарынан кәмелетке толмаған жүргізуші мен мопедтің 15 жастағы жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полиция тексеру барысында кәмелетке толмағандардың мопедті жүргізуге құқықтары да, дағдылары да жоқ екенін және заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз айдағанын анықтады.

Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша жүргізілген тексерістен басқа, кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерінің жауапкершілігі туралы мәселе де қаралатын болады. Заңды өкілдердің мінез-құлқы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралатын болады. Сондай-ақ ата-аналарға қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 52 ЖКО тіркелген, соның салдарынан 63 адам түрлі жарақат алған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру