Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы ПД COVID-19 таралуын болдырмау үшін жеке құрам арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Алматы ПД COVID-19 таралуын болдырмау үшін жеке құрам арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Коронавирустық инфекциямен күресудің алғашқы қадамы ерікті вакцинация болды. Оны тәртіп сақшылар ағымдағы жылдың наурыз айында бірінші болып қабылдады. Бүгінгі күні Полиция департаменті қызметкерлерінің 98%-дан астамы вакцинаның екі компонентін де алды.
Сонымен қатар санитарлық -эпидемиологиялық нормалар ережелерін сақтау бойынша алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Коронавирустық инфекцияның алғашқы белгілерінде өзін қалай ұстау керектігі туралы толық нұсқаулық бар арнайы ақпараттық плакаттар әзірленді. Сондай-ақ COVID-19 таралуын болдырмау үшін ғимаратқа кіре берісте “Ashyq” арнайы қосымшасының QR кодтары орнатылды.


Сонымен қатар әкімшілік ғимараттардың кіреберісінде дене температурасын өлшейтін және жалпы жағдайды тексеретін медициналық қызметкерлер тұрады, аудандық бөлімшелерде осы инфекцияның алғашқы белгілерінде жүгінгендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілетін медициналық кабинеттер бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру