Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқашта велосипед ұрлаумен айналысатын қылмыстық топ анықталды

Балқашта велосипед ұрлаумен айналысатын қылмыстық топ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 сәуірде 50 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне хабарласқан. Жәбірленуші әйел белгісіз біреулер үйдің баспалдақынан жалпы құны 90 мың теңге болатын екі велосипедті ұрлап кеткенін айтты.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілерді – 26 және 50 жастағы екі ер адам ұстады. Олар қылмысын мойындап, айғақты заттар алынды. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеу кезінде полиция күдіктілердің осыған ұқсас үш қылмысқа қатыстылығын анықтады. Сонымен, 29 шілдеде күдіктілер 8 наурыз көшесіндегі үйдің кіреберісінен 44 жастағы қала тұрғынына тиесілі екі велосипедті алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 70 мың теңгені құрайды.

Анықталғандай, ұрланған велосипедтерді қылмыскерлер нарықтық бағадан төмен бағамен сатқан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру