Қарағандыда ер адам тұрғыннан жылыту радиаторын ұрлап кетті
Қарағандыда ер адам тұрғыннан жылыту радиаторын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 тамызда 35 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Теміржол полиция бөліміне хабарласқан. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз біреу жеке үйдің ауласында орналасқан қорадан жылыту радиаторларын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 25 мың теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдікті 35 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.