Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында 18 жастағы жігіт ауылдасының көлігін ұрлап кетті

Қарағанды облысында 18 жастағы жігіт ауылдасының көлігін ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 тамызда Қарағанды облысы Абай ауданының ПБ Топар полиция бөліміне ауылдардың бірінің 50 жастағы тұрғынынан Volkswagen Passat автокөлігін ұрлап кеткені туралы хабарлама түсті. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион 200 мың теңгені құрайды.

Ұрлық түнде болған. Көлік жәбірленушіге тиесілі жеке үйдің ауласында тұрған. Үй иесінің ұйқысын пайдаланып, көлікті от алдырып, қашып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел-тергеу тобының қызметкерлері ұрланған көлікті басқарған жәбірленушінің 18 жастағы ауылдасын ұстады. Ол кінәсін мойындады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру