СҚО полицейлері қызметтік-іздестіру иттердің көмегімен 374 қылмыстың бетін ашты
СҚО полицейлері қызметтік-іздестіру иттердің көмегімен 374 қылмыстың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығының базасында қызметтік-іздестіру иттері тестен өтті. Полицейлердің көмекшілері жұмыстың негізгі төрт желісі бойынша тексерілді: адамдарды із алып іздеу, есірткі заттарын және жарылғыш заттарды анықтау, сондай-ақ зертхана жағдайында одорологиялық сәйкестендіру жасау.
СҚО ПД КҚО бастығы Самат Төлебаевтың сөзінше, солтүстікқазақстан полициясының балансында 52 қызметтік ит бар. Оның 25-і аудандық полиция бөлімдерінде, алтауы Петропавл қалалық Полиция басқармасында, 21-і облыстық полицияның кинологиялық орталығында. 12 ит аудандық бөлімдерде – күзет, қалғандары – із алатындар.
Тест қабылдау барысында СҚО ПД КҚО 23 қызметтік-іздестіру иті сынақтан өтті. Есірткі қылмысына қарсы күрес, экстремизмге қарсы күрес, криминалдық полиция және жедел-криминалистикалық басқармалары сияқты ПД жетекші бөліністерінің басшыларынан тұратын комиссия құрамы кинолог-полицейлердің машықтарын бағалады. Аталған бөліністердің жұмысы КҚО тығыз байланысты.
Самат Төлебаевтың сөзінше, сынақ қабылдау КҚО аумағында да, дала жағдайында да өтті. Есірткі заттарын және жарылғыш заттарды алмастыратын, иісі ұқсас заттарды иттер орманды, далалы жерлерден, автокөліктерден іздеді. Жарылғыш заттарды іздестіруде тәжірибелі инспектор-кинолог Евгений Сичковтың бағып-қағуындағы Айза атты неміс овчаркасы үздік нәтиже көрсетті. Есірткі заттарын іздестіру желісі бойынша Робби атты бельгия овчаркасы ерекшеленді, оның үйретушісі полицей-кинологі Виктор Фукс. Адамды «база» сыртында орманды жерлерден іздестіруде Көкжал атты бельгия овчаркасы тапсырманы «әріптестерінен» бұрын орындады (оның үйретушісі полицей-кинолог Рашид Сұлтанов). ПД Жедел-криминалистикалық басқарманың одорологиялық зерттеу зертханасындағы сынақта үш жасар Дези атты ит үздік нәтиже көрсетті, спаниель тұқымды иттің жетекшісі КҚО полицей-кинологі Николай Железнов.
Тестілеу соңында комиссия мүшелері алдағы уақытта одан әрі жаттықтыру және кинологтармен іс-қимыл жасауға ұсыныс білдірді.
Айта кететіні, тестілеу барысында жақсы нәтиже көрсеткен иттердің барлығы – бұрын кинологтармен бірге ҚР ІІМ Кинологиялық орталығы базасында бірнеше айлық жаттығулардың күрделі курстарынан өткен.
Жеті айда қызметтік-іздестіру иттерімен СҚО полицейлері 374 қылмыстың бетін ашты, басым бөлігі – ұрлық. Есірткімен байланысты 10 қылмыс ашылды.