«Anti-fraud» іс-шарасы: Ақмола полицейлері «интернет-алаяқ» есебінде тұрған қарағандылықты ұстады
Ақмола полицейлері «интернет-алаяқ» есебінде тұрған қарағандылықты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Anti-fraud» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу аясында ақмолалық полиция қызметкерлері ақпараттық жүйені қолдана отырып, интернет-алаяқтық және ұрлық фактілері бойынша бұрын жасалған қылмыстық істерді ашу бойынша шаралар қабылдауда.
2020 жылдың желтоқсан айында Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 50 жастағы тұрғыны жүгінді. Әйел «Манимен» МҚҰ-да интернет-ресурс арқылы белгісіз адам оның атына 65 мың теңге сомаға онлайн-қарыз ресімдегенін хабарлады. Аталған іс бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ол бұрын ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотталған, «интернет-алаяқ» санаты бойынша есепте тұрған 40 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты.
Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысының аумағында ағымдағы жылдың 9-15 тамыз аралығында ақпараттық технологияларды, оның ішінде интернет-алаяқтықтарды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы күреске бағытталған «Anti-fraud» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі процессуалдық бұлтартпау шарасы таңдалды.