Шымкенттіктің ақшасын қайтармай жүрген алаяқ ұсталды
Шымкенттіктің ақшасын қайтармай жүрген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу «Атамекен» арнайы мемлекеттік бағдарламадан тексерістен өткізіп беремін деп алдап, сеніміне кіріп, алаяқтық жолымен 70 мың теңгесін алып, осы күнге дейін көмек көрсетпей, ақшасын қайтармай жүргенін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Еңбекші АПБ тергеу және криминалдық полиция бөлімдерінің қызметкерлерімен жедел іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.