Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы кадрларды даярлаудың жаңа тәсілдерін енгізуде
14 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев пен Ішкі істер министрі Ерлан Тургумбаев Мақан Есбулатоватындағы ІІМ Алматы академиясына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әсет Исекешев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша еліміздің құқық қорғау жүйесінде болып жатқан реформалаудың бір бөлігі ретінде жаңа форматтағы полицейлердің базалық мамандандырылған дайындық бағдарламасымен танысты.
Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы кездесу барысында, жаңа еңгізілген жаңалықтарды ескере отырып, кадрлар даярлаудың маңыздылығын атап өтті.
– Біздің алдымызда үлкен міндет тұр – құқық қорғау саласында ауқымды реформа жүргізу және полиция жұмысын сервистік модельге көшіру. Бұған дейін ведомстволық білім беруді оңтайландыру жүргізіліп: 12 оқу орнының алтауы қалды. Өзгерістер жаңадан қабылданғанқызметкерлерді оқыту тәсілдерін жаңарту және жұмыстағы қызметкерлерді қайта оқытуды талап етеді. Өйткені кадрлар маңызды рөл атқаратын болады, – деп атап өтті Әсет Исекешев.
Кездесу барысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев IT саласындағы, есірткі қылмысы, экстремизм және қаржылық қылмыстар бойыншабейінді мамандарды даярлау туралы айтып берді. Сонымен қатар Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысына киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі мамандарды даярлау жөніндегі орталықтың мамандандырылған кабинеті және ІІО басқармасы кафедрасының оқу аудиториялары көрсетілді.
– Қазіргі әлемде адамзатқа қажетті коммуникация мен өзара іс-қимылда интернет-ресурстары маңызды рөл атқарады. Алайда, бұндай мүмкіндіктер заңды мақсаттарда пайдаланыла бермейді. Сондықтан академияның өзекті міндеттерінің бірі – киберқылмысқа қарсы тиімді іс – қимыл жасауда кәсіби кадрлар даярлау, – деп атап өтті министр.
Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар академия бастығы Айдар Сайтбековтың баяндамасын тыңдады, ол оқу орнын дамытудың стратегиялық жоспары туралы айтып берді. Оның айтуынша, оқу процесіне ішкі істер органдары қызметкерлерінің барлық санаттарын – қатардағы қызметкерлерден бастап жоғары басшы құрамға дейін даярлауға бағытталған жаңа бағдарламалар енгізілген.
– Жыл басынан бері Алматы академиясында ІІО-ның, өзге де құқық қорғау, арнайы және мемлекеттік органдардың бір жарым мыңнан астам қызметкері, докторанттар, магистранттар, тыңдаушылар мен курсанттар түрлі білім беру бағдарламалары бойынша оқытудан өтті. Ал өңірлік департаменттердің, ҚАЖК және басқа да бөлімшелердің басшылық құрамы өздерінің құзыреттерін неғұрлым қысқартылған үлгіде: құқықтық және қаржылық сауаттылықты, дағдарыстық және жобалық менеджментті, әкімшілік-шаруашылық қызметтің ерекшеліктерін, IT, HR-менеджментті, халықпен қарым – қатынасты, PR және шешендік шеберліктерін арттыру бойынша оқытылды, – деді Айдар Сайтбеков.
Қазіргі заман талабына сай оқыту бағдарламаларын дайындау мақсатында академия оқытушылары жыл сайын ІІО бөліністерінде тағылымдамадан, педагогикалық шеберлік мектебінде курстардан және шетелдік серіктестердің тренингтерінен өтеді. Сондай-ақ ағылшын тілінде оқытуды енгізуге ерекше көңіл бөлініп, үш тілде оқытудың тиімді жүйесі әзірленді.
Академия халықаралық ұйымдармен, ТМД елдерінің және алыс шетелдердің ІІМ ЖОО-мен ынтымақтас, әрі халықаралық полиция академиялары қауымдастығының (INTERPA) және ТМД елдерінің ІІМ ЖОО қауымдастығының толық құқықты мүшесі болып табылады.
– Маусым айында Францияның Ұлттық полиция академиясымен ынтымақтастық туралы келісім жасалған болатын, сонымен қатар Оңтүстік Калифорния университетімен – SolPrice Мемлекеттік басқару мектебімен, халықаралық әкімшілік ғылымдар институтымен (Бельгия), Азиялық мемлекеттік басқару тобымен (Жапония), американдық Мемлекеттік басқару қауымдастығымен және IT саласындағы жетекші шетелдік университеттермен келісімдер жасасу бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деп ІІМ Алматы академиясының бастығы баяндады.
Әсет Исекешев жоғары оқу орнының жүргізіп жатқан жұмысына баға беріп, білікті кадрларды даярлауға ерекше назар аудара отырып, полиция қызметін жетілдіру бойынша реформаларды жалғастыру қажеттігін атап өтті.