Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сот жүктеген міндеттерді орындамаған қызылордалық бас бостандығынан айырылды

Сот жүктеген міндеттерді орындамаған қызылордалық бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласының тұрғыны 2020 жылдың 19 қыркүйегінде Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен кінәлі деп танылып, үш жыл бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, жазасының барлық мерзімінде 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылған. Алайда, бұл азамат пробация қызметінің талаптарына бағынбай, сот үкімінде көрсетілген 100 сағат мәжбүрлі еңбекке шықпай, пробация қызметкерлерінің ескертулеріне құлақ аспаған.

Жуырда қалалық пробация қызметі  жазасын орындамаған азаматқа байланысты Қызылорда қалалық сотына бас бостандығын айыру үшін ұсыныс жолдаған. 13 тамыз күні онлайн-режимде сот отырысы өтіп, Қызылорда қалалық №2 сотының қаулысымен жазасының өтелмеген бөлігі 2 жыл 26 күн бас бостандығына айыру жазасына ауыстырылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру