Шымкенттік полицейлер карантин режимін сақтамаған барды анықтады
Шымкенттік полицейлер карантин режимін сақтамаған барды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші АПБ полицейлері Рықұлов көшесі бойында орналасқан “Х-13” бары келушілерді сағат 22:00-ден кейін қабылдап, карантин талаптарын бұзып, туылған күн өткізіп жатқанын анықтады.
Сонымен қатар қызметкерлер келушілердің дене қызуын тексермей кіргізіп, оларға медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткені де белгілі болды.
Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.