Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері құны 20 млн теңгені құрайтын «ұрланған» жылқы табынын иелеріне қайтарды

ШҚО полицейлері құны 20 миллион теңгені құрайтын «ұрланған» жылқы табынын иелеріне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 17 тамызында полицияға Жарма ауданының шаруа қожалығының 54 жастағы басшысы 46 бастан тұратын жылқы табынын ұрлау фактісі бойынша жүгінген. Табын иесі малды қаскөйлер белгісіз жаққа еркін мал жайылымынан ұрлап кеткенін мәлімдеді. Жылқыларын бір аптадан астам өз күштерімен іздегенімен, нәтиже болмағандықтан, полицияға хабарласқан.Хабарлама түскен сәттен тәртіп сақшылары дереу іздеу жұмыстарына кіріскен. Қызмет көрсететін аумақты жақсы білетін қызметкерлер малды айдап кетуі мүмкін деген жерлердің барлығын тексерген. Іздеу нәтижесінде жоғалған табын жүрген жерден 20 шақырымдай жерден табылған. Белгілі болғандай, малды қараусыз нәтижесінде жылқылар ұзаққа жайылып кеткен. Жоғалған малын тез арада тауып берген полицейлерге иесі алғысын жаудырып, алдағы уақытта жануарларды қараусыз қалдырмауға уәде берді.

Мал ұрлығына қарсы іс-қимыл Ішкі істер органдарының қызметіндегі басым бағыттардың бірі екенін атап өткен жөн. Қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде облыс аумағында қылмыстың бұл түрі біршама қысқарған.

Департамент бастығының орынбасары Талғат Шаяхметовтың айтуынша, ағымдағы жылы мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікке облыстың 52 тұрғыны тартылып, мал ұрлығымен айналысқан жеті қылмыстық топтың іс-әрекетінің жолы кесілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру