Ақтөбеде бірнеше пәтер ұрлығын жасаған күдікті ұсталды
Ақтөбеде бірнеше пәтер ұрлығын жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 тамызда күндізгі уақытта «Актюбупрснаб» БҰ саяжай үйінен зал бөлмесінің пластикалық терезесін бұзу арқылы ақша және 20 келі ет ұрлығы жасалды.
Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында 48 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Алдын ала тергеу барысында күдікті «Энергетик ТЭЦ-1» саяжайынан тағы бір ұрлық жасап, теледидар, теледидар приставкасы, бұрғы, тегістеуіш, ұялы телефон мен үтік ұрлап кеткені анықталды. Ұрланған заттар тәркіленді. ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Ақтөбе қаласының УҰИ-не қамалды.
Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.