Қарағанды полицейлері 200 келі балықты заңсыз аулаған браконьерді ұстады
Қарағанды полицейлері 200 келі балықты заңсыз аулаған браконьерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 тамызда таңертеңгілік Балқаш көлінің Шашубай ауылы жағынан Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің табиғат қорғау полициясы моторлы қайықты ұстады. Қайықта отырған ер адам жағалаудағы полицейлерді көріп қашып кетпек болған. Ұзаққа созылған қуғыннан кейін полиция қызметкерлері балықшыны ұстап алды. Полицей моторлы қайықты тексерген кезде 37 жастағы ауыл тұрғынынан бес қапшыққа салынған әр түрлі балықтар табылды.
Тексеріс кезінде балықшыдан салмағы 199 келіден асатын балық анықталды, бұл шамамен 400 мың теңгеден асатын 188 келі сазан мен 11 келі жыланның басы. Сонымен қатар әрқайсысы 200 метрлік төрт тор тәркіленді. Ауыл тұрғынына қарсы заңсыз балық аулағаны үшін ҚР ҚК-нің 335 бабы, 3-бөілігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Естеріңізге сала кетейік, 9 тамыздан бастап Балқаш-Алакөл бассейнінің аумағында жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде. Полиция өңіраралық балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлерімен бірлесе отырып, заңсыз балық аулау фактілерін ашу және жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізуде.