Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте құжатсыз көлiк құралын басқарған 800-ге жуық жүргізуші анықталды

Шымкентте жыл басынан бері құжатсыз көлiк құралын басқарған 800-ге жуық азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жыл басынан бері Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері көлік құралын басқару кезінде өзімен бірге құжаттары болмаған және басқару құқығы жоқ 787 құқық бұзушыны анықтады.

Осы ретте, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің ЖПҚБ Патрульдік полиция полкімен жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау, қалыптасқан жедел жағдайды тұрақтандыру бағытында қосымша нақты іс-шаралар жоспары әзірленіп, жұмыстар атқарылуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру