Ақтөбеде велосипед ұрысы қолға түсті
Ақтөбеде велосипед ұрысы қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылғы 6 тамызда 39 жастағы қала тұрғыны Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы көшесінде орналасқан үйдің ауласынан заңсыз кіру арқылы «Скиф» маркалы велосипедті ұрлап кеткен.
Велосипед сақтауға арналмаған жерде болғандықтан және арнайы құралмен бекітілмегендіктен, шабуылдаушыға ұрлық жасау қиын болмаған.
38 жастағы жәбірленуші велосипедтің жоқтығын байқап, полицияға хабарлаған.
Полиция қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізу кезінде күдіктіні ұстап, ол өз кінәсін толық мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.