Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда мүгедектікті тіркеуге уәде еткен алаяқ құрықталды

Қарағандыда мүгедектікті тіркеуге уәде еткен алаяқ құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.6 тамызда 44 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне жүгінген. Ол белгісіз біреу алаяқтық жолмен 220 мың теңге көлеміндегі қаражатты иемденіп алғанын айтты.

Анықталғандай, жәбірленуші өзінің мүгедектігін тіркеуге тырысқан. Біреу оған туындаған мәселені тез шешетін адамға жүгінуге кеңес береді. Жәбірленуші әйел белгілі бір адамға жолығып, оған алдын ала төлем ретінде 220 мың теңге берген. Тез арада туындаған мәселені шешпек болып, ақша алған адам біраз уақыттан соң еш хабарсыз кетеді. Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

17 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметінің қызметкерлері күдікті 46 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру