Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер «Абайлаңыз – балалар!»​ жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде

Шымкенттік полицейлер «Абайлаңыз – балалар!»​ жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 23-31 тамыз аралығында республикалық «Абайлаңыз – балалар!» атты жедел-профилактикалық іс-шарасын бастады.

Аталған іс-шара – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, мектеп аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, автокөлік жүргізушілерінің, әсіресе мектеп маңында, жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеуді көздейді.

Атап айтқанда, жасөспірімдердің және жаяу жүргіншілердің жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға жолда жүру ережелерін түсіндіру мақсатында, күнделікті таңғы сағат 07:30-08:30, түскі сағат 12:30-14:30 және кешкі сағат 17:30-19:30 уақыт аралығында мектеп инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері қала аумағындағы барлық мектептің маңындағы жолдардан оқушылардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету бағытында қызмет атқаратын болады.

Мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарына жақын орналасқан аумақтар, яғни сол маңдағы жаяу жүргінші өтпелері мен тротуарлары, орнатылған жол белгілері, бағдаршамдар мен қоршаулардың жай-күйлеріне қосымша тексерістер жүргізіп, балалардың жүріп-тұруы үшін қауіпсіз жағдайларды қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізіледі. Басты мақсат – балалардың қауіпсіздігі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру