Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Орақ науқанында ауылдық учаскелік полиция инспекторы металл ұрлығын ашты

Орақ науқанында ауылдық учаскелік полиция инспекторы металл ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Орақ науқаны қарсаңында полицейлер астық, ауыл шаруашылық техникасының қосалқы бөлшектері мен жанар-жағармай материалдарын ұрлаудың алдын алуды жандандырды. Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті басшылығының нұсқауы бойынша учаскелік полиция инспекторлары мен криминалдық полицияның жедел уәкілдері ауыл шаруашылық объектілерінің маңында, сондай-ақ алқаптарда түнгі рейд өткізеді.

Түн жарымында аудан орталығы Явленканың маңайын “тексеру” кезінде Есіл ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Данияр Шабаровтың назарына Volkswagen Golf автокөлігі іліккен. Көлік жақын маңдағы ЖШС бірінің аумағында тұрған, салон мен жүксалғышқа металл бұйымдар: табақшалар, рамалар мен тұқым себуге арналған машинаның катоктары тиелген. Мән-жайды анықтау барысында көлік 56 жастағы ЖШС-ның күзетшісіне тиесілі екендігі белгілі болды, сл сол түні металды қабылдау орнына өткізбек ойда болған.

Қазіргі уақытта ұрланған заттар тәркіленді. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты міндетті түрде келу туралы мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Тергеу жүргізілуде.

Қосалқы бөлшектер, отын мен астық ұрлаудың алдын алу мақсатында – полицейлер тыл еңбеккерлерінен ЖШС пен алқаптарды күзетуді күшейтуді, бейнебақылау камераларын кеңінен пайдалануды, олардың жұмысқа жарамдылығын тексеріп отыруды, ал ұрлық орын алған жағдайда кешіктірмей 102 нөміріне полицияға жүгінуді сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру