Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда үш тұрғын алаяқтықтың құрбаны болды

Түркістанда үш тұрғын алаяқтықтың құрбаны болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті 3 тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғаны бойынша арызданды. Олар өзінің арызында белгісіз біреу Whatsapp әлеуметтік желісі арқылы топ құрған. Содан арызданушыға «бізге ақша салсаң, салған ақшаңды көбейтіп беремін» деп жарнамалаған. Өтірік жарнамаға алданған жәбірленушілердің бірі алаяққа есепшот арқылы 193 000 теңге, екіншісі 151 000 теңге, үшіншісі 72 500 теңге аударған. Ал алаяқ ақшаны алған бойда ізін суытқан.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, іздеу жұмыстарын бастады. Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерді тексеріп, күдік тудырғандарды бақылады.

Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полицейлер ақпарат көздері арқылы күдікті әйелді тәулік ішінде үйінен ұстады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Алаяқтық жолмен алған ақшаны бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған күдіктіге қатысты бүгінде тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру