Мақтааралда екі бірдей алаяқтық жайтына қатысы бар әйел анықталды
Мақтааралда екі бірдей алаяқтық жайтына қатысы бар әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақтаарал аудандық полиция бөліміне Өзбекстан Республикасының азаматы арызданып келген. Оның айтуынша, отбасылық жағдайына байланысты 1 жыл алдын Қазақстан Республикасы Түркістан облысы Мақтаарал ауданына көшіп келген. Содан соң өзіне сырттай танысы ҚР азаматтығын алып беретінін айтып, сендірген. Осылайша, алаяқтық жолмен 150 мың теңге ақшасын алып, бір жылға жуық уақыттан бері алдап келген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.
Полиция қызметкерлері күдікті азаматшаның жеке басын анықтау мақсатында тиісті шаралардың барлығын жүргізді. Нәтижесінде күдікті Шымкент қаласынан ұсталып, Мақтаарал ПБ-не жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті әйелдің бас шарасы қолхатта. Белгілі болғандай, күдікті бұдан басқа тағы бір тұрғынды сан соқтырған. Онда жергілікті тұрғынды малдарыңа жем-шөп алып беремін деп сендіріп, 100 мың теңге ақшасын алған. Содан соң қазіргі уақытқа дейін не ақшасын қайтармай, не шөбін алып бермей алдап келген. Осылайша, полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында екі бірдей алаяқтық жайтына қатысы бар күдікті анықталды.