Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісайда мас жүргізуші полицейлерге қарсылық көрсетті

Жетісайда мас жүргізуші полицейлерге қарсылық көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай АПБ-нің қызметкерлері аудан бойынша қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздік ережелерін сақтау, қылмыстың алдын алу және болған қылмыстарды дер кезінде ашу мақсатында рейдтік-профилактикалық жұмыстарды үзіліссіз, күні-түні атқаруда.

Осындай кезекті қызмет барысында Жетісай АПБ ЖПҚ УПИ Қанат Төлеуов өзіне бекітілген аумақта, яғни М. Әуезов көшесінің бойында бағытынан ауытқып келе жатқан, жүрісі күмәнді көлікті тоқтатты. Audi 100 маркалы автокөлікті тексеру кезінде автокөлік жүргізушісі 2020 жылдың 10 маусымында Мақтаарал аудандық сотының шешіміне сәйкес, 2027 жылдың 10 маусымына дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Алайда жергілікті тұрғын жүргізуші куәлігінсіз заңсыз қайта көлік басқарған. Оған қоса жүргізушінің іс-әрекетінен мас халде екеніне күдік туындап, оның мастық күйін анықтау үшін медициналық куәландырудан өткізу жұмыстары жүргізілді. Осы кезде жүргізуші өз қызметтік міндеттерін атқарып жүрген полиция қызметкерлерінің ар-намысына тиетін сөздер айтып, боқтап балағаттап, қорлады.

Тәртіп сақшылары ішімдік ішіп, алкогольді масаң күйде көлік басқарған, онымен қоймай, билік өкіліне қарсылық көрсетіп, балағаттаған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) және ҚР ҚК-нің 378-бабының 2-бөлігі (Билік өкілін қорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ жүгенсіз жүргізуші қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру