Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері жазда жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттауға көмектескен балаларды марапаттады

Петропавл полицейлері жазда жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттауға көмектескен мектепке дейінгі балаларды марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалық Полиция басқармасының плацында жазғы демалыс кезінде балалар жол-көлік жарақаттарының профилактикасы бойынша жұмыста тәртіп сақшыларына көмек көрсеткен балалар марапатталды. Офицерлердің қошеметтерімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын түсінген 6 жасар Әлихан Хамит пен Диана Маликова естелік сыйлықтарын алды.

Жол қоғалысының қауіпсіздігін насихаттау және балалар жол-көлік жарақаттарының профилактикасы – “Абайлаңыз-балалар!” операциясының негізгі міндеті. Іс-шара елімізде тамыздың 23-і бастау алды. Солтүстікқазақстандық полицейлер барлық әдістер мен жұмыс түрлерін қолданады: білім мекемелері маңындағы жол – көше желілерін зерттеу, ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, балалармен сабақтар ұйымдастырылды.

Жазғы демалыстардың басында петропавлдық бірнеше бала жеке бастың қауіпсіздігі мен жол қозғалысына өзге де қатысушылардың қауіпсіздігі үшін жауапкершіліктің жарқын мысалын көрсетті. Ниет білдірушілерге Instagram-дағы облыстық полицияның аккаунтына хабарлама жазу ұсынылды. Полицейлердің үндеуіне бірнеше бала мен қыз тіл қатты. Олардың қатарында – Диана Маликова мен Әлихан Хамит бар. Екі бала да биыл бірінші сыныпқа бармақ. Олардың өз құрдастарына айтары да бар: жаз бойы мүмкіндігінше олар патрульдік полицейлерге белсенді көмектескен: қалалықтарға профилактикалық жаднамалар мен буклеттер таратты, профилактикалық бейне түсірілімдерге қатысып, жолдың болар-болмас қателіктерді кешірмейтінін айтты.

Бүлдіршіндердің атқарған еңбегі назардан тыс қалмады: “Абайлаңыз-балалар!” іс-шарасының дайындық кезеңі аясында Білім күні қарсаңында қалалық патрульдік полиция батальонының жеке құрамы қатысуымен марапатталды. Ойыншықтар сыйға тартылып, патрульдік полицейлермен естелік суретке түсті – бұл сәт балалардың есінде мәңгі сақталмақ.

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, ҚР Ішкі істер министрлігі 23 тамыздан бастап дәстүрлі “Абайлаңыз-балалар!” іс-шарасын өткізеді. Іс-шараның 2 кезеңнен тұрады: дайындық кезеңі 23-31 тамыз және негізгі кезеңі 1-10 қыркүйек аралығында.

– Негізгі кезең тікелей балалармен өткізілетін болады. Басымдылық – жол қозғалысы қауіпсіздігін, балалар жол-көлік жарақаты профилактикасын насихаттау. 1 қыркүйектен бастап, дәстүрлі түрде оқу орындарына іргелес орындарда тұратын полицияның кешенді күштері жасақтарының саны арттырылады. Балалардың жолдағы қауіпсіздігі көбіне ата-аналарға байланысты екендігін есте сақтаған жөн, – дейді Қанат Айтбаев.

Жыл басынан облыс жолдарында балалардың қатысуымен 25 жол-көлік оқиғасы тіркелген, онда 27 кәмелетке толмаған зардап шекті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру