Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО жолдарында балалардың қатысуымен 25 жол-көлік оқиғасы тіркелді

СҚО жолдарында балалардың қатысуымен 25 жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Абайлаңыз-балалар!» операциясы аясында Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшылығы әлеуметтік желілердің тікелей эфиріне қатысып, желідегі аудиторияның қойған сұрақтарына жауап берді. Онлайн-стримнің басты тақырыбы – жаңа оқу жылы қарсаңында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Патрульдік және ювеналдық полицейлер, учаскелік инспекторлар, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі топтың қызметкерлері – бұлардың бәрі Жергілікті полиция қызметі басқармасының құрамына енетін бөліністер. Білім күні қарсаңында, «Абайлаңыз-балалар!» іс-шарасы аясында негізгі жүктеме патрульдік және ювеналдық полицейлердің иығына түседі.

Балалар жол-көлік жарақаты профилактикасы жандандырылды: тәртіп сақшылары адамдар көп жиналатын жерлерде жаднамалар таратып, балалар және олардың ата-аналарымен әңгіме жүргізеді, әлеуметтік желілерді кеңінен пайдаланады. Instagram мен Facebook-тегі облыстық полицияның ресми аккаунттарында тікелей эфир барысында Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов пен оның орынбасары Александр Розбах желі қолданушылардың сұрақтарына жауап берді.

Айдын Байматов статистика жөнінде мәлімет берді, мектеп оқушыларының арқасына асатын сөмкелері мен киімдерінде жарық қайтарғыш лента пайдалану қажеттігі туралы еске салды және балалардың қауіпсіздігі көбіне ата-аналарының жауапкершілігіне байланысты екендігін атап өтті.Қала маңындағы аудан орталығы Бескөлдегі трассада қауіпсіздікті қамтамасыз ету, электросамокаттар мен гироскутерлерді пайдалану, қала көшелерінде велосипедпен жүру – Instagram қолданушылары түрлі сұрақтар қойды. Полицейлер екі доңғалақты көлікті пайдалану кезіндегі профилактикалық ұсыныстарға ерекше көңіл бөліп, әр өтінішке жауап берді.

Жыл басынан СҚО жолдарында балалардың қатысуымен 25 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның нәтижесінде бір бала қаза тауып, 27 кәмелетке толмаған түрлі дәрежедегі жарақат алды. Тамыз айында Ақжар ауданында адам өлімімен ЖКО болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру